Волкан Бозкыр Түркі академиясына келді

3010
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Волкан Бозкыр Түркі академиясына арнайы келді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәртебелі мейманды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қарсы алды.

Түркі академясының кітапханасымен және ондағы мол кітап қорымен таныстырған академия басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасына ұйымның жұмысы туралы айтып берді.

Өз кезегінде көрнекті дипломат Волкан Бозкыр академия басшысы Дархан Қыдырәлімен көп жылғы таныстығын жоғары бағалап, түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда академияның айрықша маңызды ұйым екеніне тоқталып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасының Түркі академиясына арнайы келуі түркі интеграциясының әлемдік аренада беделі өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Академия басшысы мейманға арнайы құрмет көрсетіп, Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер