Вакцинациялау паспортын жасағандар ұсталды

2457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/pasport-vakczina-960x500.jpg?token=7f6f47d0cfabeaed26097d9753c3bf0c
Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинациялау паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды. Еске сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии