Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша рекорд "жаңарды"

2788
Adyrna.kz Telegram

Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 752 адам көз жұмды. Бұл — пандемия басталғаннан бері Ресейдегі ең жоғары көрсеткіш деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Риа Новостиге" сілтеме жасап.

Мәселен, Мәскеуде — 108, Санкт-Петербургте — 102, Нижний Новгород облысында 28 адам қайтыс болған.

Бұған дейінгі рекорд 7 шілдеде тіркелген. Ол кезде бір тәулікте 737 адам індеттен көз жұмған.

Ресейде COVID-19 жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 25 082 құраған (бір күн бұрын 25 766 болған). Тәулігіне өсу қарқыны 0,45-тен 0,44 пайызға дейін төмендеген. Вирус жұқтырғандардың 12,5 пайызында ауру белгілері жоқ. 17750 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.

Жалпы алғанда, Ресейде пандемия кезінде 5 758 300 адам коронавирус жұқтырды, оның 142 253-і қайтыс болды, 5 182 837 науқас емделіп шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректері бойынша әлемде індетті 185,3 миллион адам жұқтырған, ал Джон Хопкинс университетінің бағалауы бойынша олардың саны 186 миллионнан асқан. Төрт миллионнан астам адам өмірден өткен.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер