Жаңа оқу жылында оқушылар мектепке бара ма?

3156
Adyrna.kz Telegram

Қазір жаңа оқу жылында оқушылар мектепке бара ма, әлде тағы онлайн форматта оқи ма деген сауал көпшілікті көп толғандырады. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы жиында пандемия білім сапасына кері әсерін тигізгенін жеткізді. Сондықтан өткен оқу жылындағы жіберілген кемшіліктердің орнын толтырып, жаңа оқу жылында көштен қалып қоймауымыз керек.

– Мұның бірден-бір жолы – оқытудың бұрынғы форматына көшу. Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болып жатқан кезде бұл міндетті орындау оңай емес екенін түсінемін. Сол себепті оқушылар мен мұғалімдерді барынша қорғайтын кешенді тәсіл әзірлеу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

"Адырна" ұлттық порталы.  

Пікірлер