Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 99 мың теңгені құрайды

2748
Adyrna.kz Telegram

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңгені құрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар - маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 928,9 млрд теңге бағытталды.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 239 мың адамды құрайды.

Ал биыл республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,3 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,1 млрд теңге бағытталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер