Жасы 100-ге таяған жамбылдық әжей вакцинаның екінші дозасын қабылдады

3413
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Жамбылдық 96 жастағы әжей Ифрат Халяпова коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдады, деп "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылының 96 жастағы тұрғыны Ифрат Халяпова коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдады. Жасы жүзге таяп қалған кейуана ағымдағы жылдың 12 мамыры күні «Спутник-V» вакцинасының алғашқы дозасын салдырыпты.

Жаңа жол ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның учаскелік медбикесі Гүлмира Алиева Ифрат Халяпованың жағдайының бірқалыпты екенін айтты.

Ифрат Халяпова бұған дейін денсаулығына байланысты шағымданған емес. Екпе салдырмас бұрын әжейдің денсаулығының дұрыстығына әбден көз жеткізіп, қажетті шаралардың барлығын жасадық. Күнделікті жағдайын біліп тұрамыз -, дейді медбике.

Ифрат Халяпова Ұлы Отан соғысы кезінде де тылда еңбек еткен қайсар жан. Сондай-ақ кезінде қант қызылшасын егумен аты шыққан Шу ауданындағы беделді қызылшашылардың бірі болған. Бүгінгі таңда 6 баласынан өрбіген 13 немере-шөберелерінің ортасында шаттыққа толы күн кешіп отырған қарт ана аурудан айығудың жалғыз жолы – екпе салдыру екенін айтады.

Мен екпені өзім үшін салдырған жоқпын. Артымнан ерген ұл-қыздарым мен немере-шөберелерімнің денсаулығына алаңдадым. Бұл індеттен жапа шеккендерді көзімізбен көрдік. Жақыныңнан айырылудың қаншалықты ауыр екенін жақсы білемін. Сондықтан да кеш болмай тұрғанда вакцина салдыру керек -, дейді Ифрат Халяпова.

Жалпы, Жаңа жол ауылында 2910 адам тұратын болса, оның 1341тұрғыны вакцина салдыр. Бүгінгі таңда 572 тұрғын ерікті түрде екпе салдырыпты.

Авторы: Сая Сембай

Ақпарат Inform.kz сайтынан алынды

Пікірлер