8 жастағы оқушы мектеп бітірді

2413
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/f28343de-1044-42c6-ae81-849ec494fd3c.jpeg
Ресейде Алиса Теплякова есімді 8 жасар қыз мектеп бітірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол 25 маусымда емтихан тапсырып, 11-сыныпты аяқтағанын растайтын аттестат алған. Сынақтан өту үшін жеткіншек барлық жалпы білім беру бағдарламасын оқыған. Алдағы уақытта Алиса өз білімін Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетінде жалғастырғысы келеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии