Найзағай кезіндегі селфи: Үндістанда найзағайдан 11 адам қаза тапты

3493
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның солтүстіктегі Джайпур қаласына найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Известия» басылымының хабарлауынша, құрбандар 12-ғасырдағы Амер Форт күзет мұнарасының жоғарғы жағында жаңбыр астында селфи жасады, бұл танымал туристік орын болатын.

Оқиға болған кезде онда шамамен 27 адам болған. Олардың кейбіреулері, басылымның мәліметінше, жерге секірген, - дейді басылым.

Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер