Елордада BMW иесі миллион теңгеге ереже бұзды

3617
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 68 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды "Адырна".

Елордалық сот орындаушыларының айтуы бойынша, BMW 750 көлігіне айыппұл салынды.

"Борышкердің жалпы сомасы 997 996 теңгені құрайтын 68 айыппұлы бар. Ол көлікті өз еркімен паркингке апарудан бас тартты, ал жеке сот орындаушысы манипуляторды шақыруға мәжбүр болды. Көлік ақылы тұраққа қойылды" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Елордадағы тағы бір тәртіп бұзушы 900 мың теңгеге 32 айыппұл құнын өтемек. Ол 840 000 теңге көлеміндегі барлық айыппұлдарды өз еркімен төледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер