Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» жаңа гранты бекітілді

3973
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/izobrazhenie_2021-07-12_172009.png
2021 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты құрылды, деп хабарлайды "Адырна". Грантты тағайындау мақсаты белсенді жастардың қоғамдастығын қалыптастыруға бағытталған жас буынның жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады, делінген құжатта. Грант берудің міндеттері:
  • дарынды және ынталы жастарды қолдау;
  • елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың
  • инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;
  • жастарға арналған жаңа және қолданыстағы стартап-жобаларды іске асыруға көмек;
  • жастар арасындағы шығармашылық қызметті танымал ету.
Гранттың мөлшері мен  санын Үкімет жыл сайын анықтайды. Гранттар конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін беріледі: Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және оларда мыналар болуы керек:
  • жобаның сипаттамасы;
  • жобаның бейне презентациясы (60 секундтан аспайды);
  • шығындар сметасының жобасы;
  • зияткерлік меншік туралы ақпарат (бар болса).
Құжат 2021 жылы 20 шілдеде күшіне енеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии