Асхат Оралов елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды

3240
Adyrna.kz Telegram

Асхат Оралов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Әкімнің орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік салаларды қадағалайтын болады.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Жаңа лауазымына қатысты Асхат Оралов өз инста парақшасында жазба қалдырды:

"Құрметті достар!
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірістім.

Сенім білдірген қала әкімі Алтай Сейдірұлына @altay_kulginov_official , Президент Әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Ұлы дала жүрегі Елордамызды көркейту жолында бірлесе еңбек етуге, жобалар мен ұсыныстарға әрқашан да ашықпын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде бірге жұмыс атқарған барша әріптестеріме шын жүректен рахметімді айтқым келеді.

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздермен елордамызды одан әрі көркейтіп, игі істерді жүзеге асыру жолында бірге еңбек етуге дайынмын!" деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Askhat Oralov (@askhat_oralov)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер