Талибан: ұйғыр сепаратистері біздің аймақта іс-әрекет ете алмайды

3569
Adyrna.kz Telegram

Қытай - Ауғанстанның досы, сондықтан оның елді қалпына келтіру жөніндегі мүмкін етілген күш-жігері құпталады. Бұл мәлімдемені SCMP-ге Талибан өкілі (Ресей Федерациясында бұл қозғалысқа тыйым салынған) Сухейл Шахин жасады, деп хабарлайды "Адырна".

«Біздің өкілдер Қытайда бірнеше рет болған және біз ол елмен жақсы қарым-қатынастамыз. Қытай - Ауғанстанды қалпына келтіру мен дамытуға атсалыса қатысатын, бізді жылы шыраймен қарсы алатын ел», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір «Талибан» Ауғанстан аумағының 85 пайызын бақылауда ұстауда және бұл қозғалыс Қытай инвестициясының қауіпсіздігі мен қытай жұмысшыларының қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Сухейл талибан ұйғыр сепаратистерінің және өзге де Ауғанстаннан пана іздеген сепаратистердің сонда қоныстануына жол бермейді деп сендірді. Шахин сондай-ақ, тәлібтер АҚШ-пен 2020 жылғы ақпандағы келісімдер аясында кез-келген шетелдік топтың Ауғанстан аумағын шетелге шабуыл жасау үшін пайдалануына жол бермейтіндігін еске салды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер