Ауданда жасыл желектерді суғару күшейтілді

2770
Adyrna.kz Telegram

Биыл ыстық ауа-райы Қазақстанның барлық аумағында сезілуде. Шымкентте де күннің ыстықтығы қатты болып тұр. Осыған байланысты Қаратау ауданының коммуналдық қызметкерлері жасыл желектерді суаруды күшейтті.

Жалпы ауданда суғару жұмыстары ауа-райына байланысты реттелініп отырады. Ауа-райы қолайлы кезде жасыл желектер аптасына екі-үш рет 5 суару техникасымен суғарылса, күннің қатты ысуына байланысты бұл жұмыстар күшейтіледі. Оған кешкі және түнгі уақытта 20 суару техникасы жұмыс жұрмылдырылады.

Аудан аумағындағы көгалдандыру жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС жүргізеді. Олар тек ағаштар мен гүлдерді суғарып қана қоймай, көгалдардың арасын қоқыстардан тазарту, топырақты қопсыту және қураған бұталарды кесу жұмыстарымен де айналысады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер