Шымкенттік оқушы республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді

2259
Adyrna.kz Telegram

Республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма - менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті.

Байқаудың басты мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты.

Байқау 9 номинация бойынша өтті. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Қаратау петроглифтері – жазу өркениетінің басталуы» тақырыбында №58 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбек Жансұлу республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз шәкірт I орын алып, I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер