Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма?

2237
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны әртүрлі өндірушіден салдырмауға кеңес беріп, мұны «қауіпті үрдіс» деп атады, өйткені оның денсаулыққа әсері туралы мәліметтер аз, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан ДДСҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде COVID-19 өршуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева корреспонденттер қауымдастығы (ACANU) ұйымдастырған баспасөз конференциясына қатысты.

«Бұл аздап қауіпті үрдіс. Бізде араластыру мен сәйкестікке қатысты мәліметтер мен дәлелдер жоқ. Адамдар екінші, үшінші және төртінші дозаны қашан алатынын өзі шеше бастаса, елдерде абыл-сабыл басталады», - деді Сумья Сваминатан онлайн-брифингте.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер