Рұқсат етілмейді: АҚШ Қазақстаннан ит кіргізуге тыйым салды

2796
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/9ba5cb7c-927f-4ba5-a2f7-661d5a1ea691.jpeg
14 шілдеден бастап АҚШ билігі 113 елден, оның ішінде Қазақстаннан иттерді әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.  Оған себеп - кинологиялық құтыру ауруының таралу қаупі. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) бұған дейін бұл шектеулер Америка Құрама Штаттарына кіретін иттерді қорғау және елге ит құтыруы вирусының қайтадан енуіне жол бермеу үшін қажет деп ескерткен. «Тыйым салынған» тізіміне Қазақстаннан басқа Ресей, Беларуссия, Грузия, Украина және Молдова да енген. Тыйымның шарттары жария етілмеген.
Комментарии