Әбсәттар қажы Дербісәлі өмірден өтті.

4342
Adyrna.kz Telegram

Мүфтиятты он жылдан аса басқарған Әбсәттар қажы Дербісәлі өмірден өтті. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды. 

Күні кеше Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеген еді. 

«Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті…

«Достан – дұға» дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей», деп жазылған Ағабек Қонарбайұлының фейсбуктегі жазбасында.

”Адырна” ұлттық порталы марқұмның жақындарына, бүкіл қазақ еліне қайғыра көңіл айтады. 

Пікірлер