Қырғызстан Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдайды

2936
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан Тәжікстанға қашып кеткен этникалық қырғыздар мәселесі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрлік БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарына оларды Қырғызстанға эвакуациялауды ұйымдастыруға көмек сұрады. Министрлік сондай-ақ Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстан қырғыздарының қырғыз-тәжік шекарасының өткізу пунктіне өтуіне көмек көрсету туралы нота жіберді.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерлерінің соңғы ақпаратына сәйкес, 13-14 шілдеде  ауғанның 347 этникалық қырғызы Тәжікстан аумағына өтіп кеткен. Оның ішінде 91-і ер адам, 77-сі әйел және 177-сі — кәмелетке толмаған балалар. Шекарадан өту кезінде екі сәби қайтыс болды.

Еске салайық, Америка әскерлері Ауғанстаннан кетіп жатқанда, Вашингтон Орталық Азиядан стратегиялық серіктестер іздеуде.

Осы аптада БАҚ Байден әкімшілігі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан НАТО күштері шығарылғанға дейін шамамен 9000 Ауғанстан азаматын уақытша орналастыруды сұрады деп хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер