Ресей Қазақстан қарбыздарын кіргізбей қойды

7209
Adyrna.kz Telegram

 5-13 шілде аралығында Алтай аймағының Кулундин және Рубцов аудандарына 280 тонна қарбыз, 40 тонна пияз, 40 тонна жеміс-жидек және 30 тонна басқа да фитосанитарлық қаупі бар өнімдердің кіруіне рұқсат етілмеген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Россельхознадзордың" сайтына сілтеме жасап. 

"Россельхознадзордың" Алтай аймағындағы және Алтай республикасы кеңсесіндегі инспекторлар аталған өнімнің импортталғанын, оның ішінде жүк тасымалдау құжаттарына сәйкес келмейтіндігін, өнімдер мен жүк түсіру орындарының жүк алушыларына қатысты мәліметтер, сондай-ақ фитосанитарлық сертификаттар жарамсыз екенін анықтады.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Мемлекеттік шекарасының Ресей-Қазақстан учаскесіндегі шекаралас аймақтардағы "Россельхознадзор" басқармасының Алтай аймағы мен Алтай Республикасы бойынша инспекторлары шекара дирекциясымен ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде жұмыс істегені белгілі болды.

Ресейдің Алтай аймағына Қазақстан мен Қырғызстаннан  390 тоннадан астам өнімді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнаманы бұзған 21 факті анықталды.

Осылайша бұл аймақтарда фитосанитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді әкелуге тыйым салынды. Барлық тауарлар жіберушілерге қайтарылды. Кінәлілер Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10.2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер