Түркияда қоқиқаздар қырылып жатыр: экология ма?

3101
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада Түркияның орталығындағы Кония провинциясындағы Тұз көлінің құрғап қалған бөлігінен жүздеген фламинго өлі табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Тұз көлі - Түркиядағы екінші және әлемдегі ең үлкен тұзды көлдердің бірі. Бұл жануарлардың сүйікті жері және мұнда ежелден-ақ фламинго мекен етеді. Көл таяз, ол жердегі жауын-шашын мөлшері аз болса да, оның тұзды болуы қоныс аударатын құстардың ұя салуына ыңғайлы. Алайда климаттың өзгеруінен туындаған құрғақшылықтың салдарынан көлдің су деңгейі төмендеді. Нәтижесінде фламинголар тамақ табуға қиналып қалды.

Қазір Кониядағы көлдің Джиханбейли аймағындағы бөлігінде құстар қырылып жатыр. Құстар көлге наурызда ұшып келген болатын. Жазда бұл аймаққа жиі баратын табиғат зерттеушісі, фотограф Мехмет Эмин Өзтүрік «фламинго үшін жұмақ болған көл қазір қорқынышты түске айналды» дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер