Жартыжылдық: Маңғыстау облысы үздік үштікке енді

2102
Adyrna.kz Telegram

Биылғы жылдың 6 айдағы қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы үздік үштіктің қатарына енді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Жиында облыс әкімдері арасында алғаш болып сөз алған Серікбай Трұмов облыстың 6 айдағы экономикалық дамуы жайында есеп беріп, өңірде барлық салаларда оң динамика байқалатынын жеткізді.

Биыл Маңғыстауға тартылған инвестиция көлемі 256,3 млрд теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,6%-ға артқан.  Аграрлық секторда 7 миллиард теңгеге өнім өндірілген,  бұл 3% -ға артық.

Жыл басынан бері облыста екі инвестициялық жоба іске асырылып, жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика және жылына 15 мың тонна жем шығаратын зауыт іске қосылған. Нәтижесінде 121 жаңа жұмыс орны құрылған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер