Қазақстанда қанша адамның вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды

3047
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғаннан кейінгі коронавирус жұқтырғандардың статистикасын жариялады. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

«Вакцинадан кейін барлығы 3 165 адам індетпен ауырды. Оның ішінде бірінші компоненттен кейін 1 684, екінші компоненттен кейін 1 481 адам вирус жұқтырды», - деді ол.

Вакциналар бойынша ауырғандар саны:

– «Спутник V» – 2 791 адам;

– QazVac –  59 адам;

– Hayat-Vax –  293 адам;

– Coronavac – 18 адам.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер