Абайдың әнін орындаған жігіт TikTok-та жеңімпаз атанды

3139
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Қазақстанда Colorit деген лақап атпен танымал болған Арыстан Әбілдин  TikTok ұйымдастырған музыкалық сайыста жеңімпаз атанды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған сайыста ұлы ақын Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған қазақ жігіті ең жоғары ұпай жинапты.  Сондай-ақ музыкант "Көзімнің қарасы" әніне өзінің "Хотя бы просто улыбнись" әнін жалғастырып, mashup орындаған.

Ол бейнебаянын Абай атындағы опера және балет театрында түсірген.

 

Mashup — екі (кемінде бірнеше) түпнұсқа шығармадан тұратын, бір түпнұсқа шығарманың кез-келген бөлігін екінші бөліктің ұқсас бөлігіне орналастыру арқылы арнайы студияда жаздыратын музыкалық шығарма.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер