Жириновский: Олардың барлығын түрмеге жабамыз

7189
Adyrna.kz Telegram

ЛДПР басшысы Владимир Жириновский коронавирусқа қарсы екпе алмайтындарға қарсы Ресейде заңның қатаңданатынын ескертті. Жириновскийдің сөзінше күзде өтетін Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін мемлекет вакцинаға қарсыларды түрмеге аттандыратын заңды қабылдамақ. 

"Егер бір адамнан коронавирус анықталса және соның кесірінен біреуге вирус жұқса, онда бітті, біз ол адамды түрмеге жібереміз. Өйткені сол жұқтырған, кінәлі", — деді Жириновский.

Жириновский ресейліктер ерте ме, кеш пе барлығы дерлік вакцина алатынын ескертті. "Вакцина алмағандар вирус жұқтырып, өліп жататын болады" дейді ол. Ал тележүргізуші Александр Мясников болса "халықтың вакцинаға қарсы болуына БАҚ кінәлі, себебі телеарналар антивакциналық жарнамаларды көрсетуге бейім" дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер