Түркістан облысындағы білім саласындағы сорақылыққа бүкіл Қазақстанды қоғамдық бақылау жасауға шақырамын!

1771
Балаңды қылмыскерлер оқытқанын қаласаң, омалып отыра бер!
Түркістан облысындағы білім саласындағы сорақылыққа бүкіл Қазақстан халқын қоғамдық бақылау жасауға шақырамын!
Органдардан пайда жоқ.
Түркістан облысындағы білім саласындағы былықтың ашылуына тергеп-тексеру органдарындағы жемқор басшлар мүмкіндік бермей отыр. Себебі, олардың барлығы сыбайластар. Мектеп директорлары, аудандардағы адами әлеуетті артыру саласының басшылары (бұрынғы білім бөлімі) тұтас полициямен, органмен бірігіп, ауыз жаласып, қол астындағы мұғалімдерді бопсалап, қорқытып, өз жағына өткізіп алып, жалдамалы блоггерлерді тартып, тірлік жасап отырғандар.
Бұларға сіздің балаңыздың болашағы көк тиынға да керегі жоқ. Біліміңіздің де көк тиынға керегі жоқ. Бұларға тек жеп отырған ақшалары мен орыны ғана керек. Білгенін жасап, елді ұйыққа апарып тыға береді.
Бұл неткен надандық?! Адамның артынан өзінің рұқсатынсыз ауру қылып құжат жасата салады, бопсалайды, артынан қалай болсын солай шешім жасап, жұмыстан шығарып, құзырлы органдарға өткізе салады. Құзырлы органдар сол басшылармен және директорларымен өте тығыз жұмыс жасап отыр. Бәрі ақша алып отырғандар олардың. Бәрі тұтас жемқорлық. Бәрі сыбайласқандар. Араша сұрап жүрген мұғалімдердерден обал болып жатыр.
Түркістан облысындағы білім саласы қара ұйыққа кіріп үлгерді. Қазақстанның болашағын құрдымға жіберушілердің барлығы сол жерде сияқты. Ол жерде бала тәрбиеленіп, білім беріліп жатқан жоқ. Тек сыбайласқан бандиттер мен қылмыскерлер ғана отыр. Бұлардың барлығын жоғары құзырлы органдардың көмегімен тексеріп, ашықтықты барынша қамтамасыз етіп, ақ-қарасын анықтап, соттап жіберу керек. Бұларды соттап жіберу керек. Басқалай мемлекетке бұлардан тек қана зиян келеді. Бұлардан балалардың болашағы мен мемлекетке келетін зиян мен зауалда шек жоқ. Халықты мазақ қылып бітті. Ендігі кезек, бұлардың орны түрме ғана. Мемлекет пен халықты аямайтындарды ешқашан аямау керек.
Бізге өте үлкен тәуекел мен әрекет керек. Құрып бара жатырмыз барған сайын.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар