Үш басты нәресте дүниеге келді

8756
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында үш басты бала дүниеге келді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "DailyStar" басылымына сілтеме жасап.

Үндістандық қажылар ерекше сәбиді «Құдайдың бейнесі» деп жариялады. Сәбидің негізгі бас сүйегінің артқы жағына тағы да екі бас орналасқан. Ол шашпен жабылған.

Жаңа туылған баланың отбасы көптеген қажыларға барып, олардың көмегіне сүйенген. Олар баланы жердегі Құдайдың бейнесі деп санайды екен.

Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар ауруханадан шығарылған.

Айта кету керек, бұған дейін Үндістанның Одиша штатындағы Кани ауылының тұрғыны екі басы  және үш қолы бар баланы өмірге әкелген болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер