Ресейлік дәрігерлер вакцинаға неге қарсы болып жатыр?

5882
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік дәрігерлердің шамамен 20 пайызы пациенттерге COVID-19-қа қарсы вакцина егуге кеңес бермейтінін айтқан деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Forbes.ru-ға" сілтеме жасап.

Дәрігерлер мен медбикелер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, жаппай вакцинация науқанын дәрігерлердің 62,9% -ы қолдаған, 17,5% -ы пациенттерге вакцина егу керектігі туралы айтуға шешім қабылдамаған. Ал 19,6% -ы пациенттерге вакцинациялауды ұсынбайтындығын айтқан.

Мұндай нәтижелерді "Актион Медицина" қызмет көрсету орталығы өз зерттеуінде көрсеткен. Атап айтсақ, зерттеу медицина саласының 2400 орта буын қызметкерлері (орта медициналық қызметкерлер мен медициналық қызметкерлерді қоса алғанда) және дәрігерлері арасында жүргізілген.

Дәрігерлердің көпшілігі (74,5%) пациенттерін COVID-19-қа қарсы вакцинациялауға кеңес бермейтінін, себебі Ресейден шыққан вакциналарға сенімсіздікпен қарайтынын түсіндірген.

Дәрігерлердің жауаптарында вакциналардың өте аз сыналғандығы, ғылыми қауымдастықтың екпенің жанама әсерлері туралы әлі хабардар емес екендігі, елде шетелдік вакциналар жоқтығы және вакцинацияға байланысты тым белсенді науқан жүргізіліп жатқандығы айтылған.

Вакцинацияны ұсынбайтын әрбір төртінші дәрігер коронавирустық вакцинадан бұрын жалпы вакцинацияға қарсы екендігін жеткізген.

Ал пациенттерді вакцинациялауға кеңес беретін мамандардың көпшілігі "Sputnik V-ге" сенеді екен (64%), ал бірқатар дәрігерлер "КовиВак-қа" кеңес береді (25%). Ал дәрігерлердің 11 пайызы "ЭпикВакКорона" вакцинасын қолдаған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер