Бүгін коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды

928

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

2021 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

"18 шілдеде коронавирус белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 58656, 3554 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53530-ға жетті.
Пікірлер
Редакция таңдауы