Ресейдің үміті: Берлин мен Вашингтон қарсы соққы жасауда

480

Вашингтон мен Берлин жақында «Солтүстік ағын 2» газ құбырына қатысты дауды шешу туралы келісім жасайтынын жариялады. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Агенттіктің сұхбаттасушыларының бірі келісімнің жақсы көрінетіндігі мен жүргізіліп жатқан келіссөздердің жақын күндері аяқталатындығын айтты.

Тағы бір ақпарат көзі қос тараптың құбырға қарсы санкциялардың жалғасуына жол бермейтін келісім жасасуға бекінгенін растады. Мәміленің егжей-тегжейі әлі толықтай жарияланған жоқ. «Солтүстік ағын 2» - Ресей мен Германияны еуропалық тұтынушыларды ресейлік отынмен қамтамасыз ету үшін байланыстыруы керек.

Айта кетейік, бастапқыда құбыр 2019 жылдың соңында салынуы керек болған.  Алайда АҚШ жобаның қатысушыларына санкциялар сала бастады. Сондықтан оның құрылысы кейінге қалдырылған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото eadaily.com сайтынан)

Пікірлер
Редакция таңдауы