Белгісіз біреулер итті тірідей өртеп жіберген

4181
Adyrna.kz Telegram

Белгісіз біреулер итті байлап, оны тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларын дүр сілкіндірді. Олар мұндай сұмдыққа барғандарды тауып, қатаң жазалауды талап етуде. Видеодағы адамдардың өзара қазақша сөйлескендері анық естіледі. Алайда, видеоның нақты қай өңірде түсірілгені әзірге белгісіз.  Ішкі істер органдары таспаны жіті тексеріп, күдіктілерді іздеуде. Полицейлер осы дерек жайлы қандай да бір мәлімет білетін адамдарды 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды. Заң бойынша, жануарларға қатыгездік жасағанда 30 күнге дейін қамалады немесе 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 350 мың теңге мөлшерде айыппұл төлейді.

«Адырна» ұлттық порталы

(фото tengrinews.kz сайтынан)

Пікірлер