Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды

4598
Adyrna.kz Telegram

Кеше Тәжікстан президентінің 64 жастағы қарындасы Курбонби Рахмонова өмірден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі № 5 клиникалық ауруханада емделген.

Ол ертең елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.

Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президентінің жұбайы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер