Ресей үшін: АҚШ Түркияға санкция салмақ

3659
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының саяси істер бойынша орынбасары Виктория Нуланд Түркия Ресей қаруларын алуын тоқтатпаса, Вашингтон санкциялар санын арттыратынын айтты. 

"Біз Түркия тарапының ресейлік С-400 қаруын сатып алуына наразылық білдіруімізді жалғастырудамыз. Ресейден кез келген ауқымды қару сатып алу, CAATSA заңына Түркияға қосымша санкциялар салуға әкеледі.  Түркияға F-35 ұшақтарын сату және бірлесе жасау туралы келісімдер тоқтатылған күйінде қала бермек. Біз оларға бұл мәселеден шығудың сан жолын ұсынудамыз және оны жалғастыратын боламыз",  -деді Нуланд.

Түркия НАТО мүшесі бола тұра ресейлік С-400 қаруын сатып алған еді. Бұл Анкара мен Вашингтон арасындағы қарама-қайшылықты туындатып, Түркияға санкция салумен жалғасты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер