Көздің жауын алған Көбейтұз көлі толығымен кеуіп кетті

3731
Adyrna.kz Telegram

Көбейтұз көлі толығымен кеуіп кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Көлдің фотосуреттері Facebook-тағы танымал топтардың бірінде жарияланған.

“Экологиялық апат режимін ойланбай жариялай беруімізге болады. Бұл жолы әңгіме ел жағалауындағы шашылған қоқыстар жайлы болып тұрған жоқ. Елдің назарын әйгілі қызғылт Көбейтұз көліне аударғымыз келеді. Елдегі құрғақшылықтың үлкен салдарынан ол толығымен кеуіп қалды”, -деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

 

Пікірлер