Қарағандылық жасөспірімді аялдамада пышақтап кетті (видео)

3373
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда ішімдік ішкен екі ер адам 16 жастағы жігітке пышақ жарақатын салған. Оқиға аялдама жанында болған. Жолаушылар видеоға түсіріп алған төбелес «Вечерняя Караганда» сайтының Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Полиция мәліметінше, жасөспірім олардан боқтамауын және өздерін дұрыс ұстауын сұраған. Ал 23 және 36 жастағы ер адамдар оны ұрып-соққан.

Сонымен қатар зардап шегуші Темірланның анасы Telegram-арна әкімшілерімен байланысып, ұлының төбелесте үш жерден пышақ жарақатын алғанын айтыпты.

«Құдайға шүкір ер адамдардың біреуі аяғын әзер басып тұрған. Соның арқасында балам аман қалды. Әйтпесе не боларын кім білсін?!» - дейді Темірланның анасы Айсұлу Матаева.

Екі ер адам жасөспірімді өз аттарымен, осы жердегі белді адамдар екенін айтып қорқытыпты. Ал жас жігіт оларды танымайтынын айтқан. Содан төбелес басталған.

Жасөспірімнің анасы кінәлі адамның бостандыққа шыққанын айтса, Қарағанды облысының полиция департаменті «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Видеоны осы сілмеге өтіп көре аласыз: https://t.me/vechernaya_karaganda/4307

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер