78 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

3787
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы анасын қорлаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр. Сонымен қатар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдар да тізімде бар.

Тексеріс барысында учаскелік полицияға 78 жастағы әйел 56 жастағы баласының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйде келгенін айтып берді. Одан бөлек оған балағат сөздер айтып, жанжал шығарып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіпті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер