Ақтауда арбадағы мүгедекті қағып кетті

3149
Adyrna.kz Telegram

23 шілдеге қараған түні Ақтау қаласында апат болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ладаға сілтеме жасап.

"Мүгедек арбасына таңылған жан Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24-ықшамауданда Lada 21150 автокөлігінің жүргізушісі реттелетін қиылыстың жанында жүріс бөлігінде тұрған мүгедек арбадағы жанды қағып кетті.

Оқиға бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды.

Зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр, - деп қосты департаменттің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер