ҚР тағы бір аймағында «дельта штаммына» байланысты карантин күшейтілді

3756
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Турдиев коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна". 

COVID-19 коронавирустық инфекциясының үнділік «дельта штамын» әкелудің және таралуын болдырмауға бағытталған шаралар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында қабылданды.

Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныштылықтың барлық нысандарындағы кәсіпкерлік субъектілері: қарастырылған «қызыл» аймақ Шығыс Қазақстан облысы осы қаулыдағы 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттардың орындалуын және бақылауын қамтамасыз етеді, - делінген қаулы мәтінінде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер