Елдос Сметов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

2036

Қазақстандық спортшы Елдос Сметов дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз Нидерландтан келген Торнике Цакаджоені жеңіп, ел қоржынына алғашқы медалды салды.

Елдос Бахтыбайұлы  – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар