Бастөбе ауылында 400-дей тұрғын таңдауын жасады

2075
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Алматы облысында саяси аламанның басталғаны сол екен, өз үздіктерін таңдамаққа ағылған халықтың қарасы қалың.

Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округіндегі 548-і сайлау учаскесінде қазірдің өзінде 400-ге жуық тұрғын кандидаттарға дауыс берді. Жалпы аталған учаскеде 2126 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ 20 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

"Бүгін таңғы сегізден бері жұмыс жасап жатырмыз. Біздің учаскеде 3 саяси бақылаушы өз жұмыстарын жалғастыруда. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Кешке дейін 80-90% сайлаушы өз даусын береді деген ойдамын. Негізі бұл учаскеде сайлаушылар 3 кандидатқа дауыс береді",- дейді нөмірі 548-і сайлау учаскесінің төрағасы Мәлікжан Жамалбеков.

Пікірлер