Елімізде жаңа «Лямбда» штаммы таралуы мүмкін

6376
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке еліміздегі эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстарының барысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, әлемде коронавирус індетінің жаңа «Лямбда» штаммы пайда болған. Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар өңірде карантин шараларының күшейтілгені, жұқпалы аурулар стационарлары мен жан сақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатқан науқастар саны, дәрі-дәрмектер мен басқа да қажетті жабдықтар қоры, вакцина салу қарқыны баяу өңірлерге көрсетіліп жатқан әдістемелік көмек жайында мәлімет берген.

Оның айтуынша, маусым айындағы жағдаймен салыстырғанда шілденің соңғы екі аптасында індет жұқтырғандардың саны 4,8 есеге көбейген.

Күнделікті жүргізілген мониторинг бойынша 24 шілдедегі мәліметке сәйкес, жұқпалы аурулар бөлімдерінің 51 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 41 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр.

Вирус жұқтырғандар санының көбеюіне және денсаулық сақтау жүйесіне түскен салмақтың артуына байланысты шілде айында қосымша 10 мың төсек-орын әзірленді.

Қазіргі уақытта 21,4 мыңға жуық орын резервте тұр.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер