Маңғыстау облысында сайлаушылардың 36,6% дауыс беріп үлгерді

2479
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға 14 сайлау учаскелері қатысуда. Барлығы 14144 сайлаушы сайлау науқанында сайлаушылар тізіміне енгізілді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақшұқыр ауылындағы сайлаушылардың ең көп саны - 6877, Сам ауылдық округіндегі ең азы - 403 сайлаушы.

Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 36,6 % алды.

Олардың ішінде:

Бейнеу ауданы бойынша:
Сарға ауылы – 58,9 %
Есет ауылы – 61,8 %
Төлеп ауылы – 58,9 %
Сам ауылдық округі – 66 %

Қарақия ауданы бойынша:
Құланды ауылдық округі – 66,9 %

Маңғыстау ауданы бойынша:
Тұщыкұдык ауылдық округі – 46,1 %
Қызан ауылы – 43,8 %
Жармыш ауылы – 36,8 %
Онды ауылдық округі – 34,8 %

Түпқараған ауданы бойынша:
Ақшұқыр ауылы – 22,1 %

2021 жылдың 25 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден бастап барлық 14 сайлау учаскелері дауыс беру процесін бастады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер