Закир Сафиуллин перулік қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

3136
Adyrna.kz Telegram

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жектен сүрінбей өтіп, 1/8 финалға жолдама алды деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.

Закир 63 келідегі перулік Леодан Песо Сабойямен қолғап түйістірген.

Күш сайысында төрешілер бірауыздан жеңісті 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға беріпті. Осылайша Закир  1/8 финалға жолдама алды.

Закир Сафиуллин — 2015 жылғы Азия чемпионы.

Жалпы бұл Олимпиадасында қазақстандық боксшылар сегіз салмақ бойынша бақ сынайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер