Үндістанда толассыз жауыннан 112 адам көз жұмды

2865
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның батысындағы Махараштра штаты билігінің хабарлауынша, су тасқыны мен көшкін тудырған жаңбырдан 112 адам қаза тапқан. 22 шілдеде Махад қаласының маңында көшкін болып, 38 адамның өмірін қиған деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Reuters-ке" сілтеме жасап.

Көшкін Тали ауылының жартысын жермен-жексен еткен. Қазір құтқару топтары толассыз жауған жаңбырға қарамастан іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Үндістанның батыс жағалауындағы кейбір аудандарға күніне 594 мм жауын-шашын түскен. Осыған байланысты аудандардағы тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Суға толып жатқан бөгеттер шенеуніктердің шешімімен босатылды. Әскери-теңіз күштері мен армия жағалаудағы құтқару жұмыстарына көмек көрсетуде.

Махараштра штатының әртүрлі аймақтарында болған су көшкінінен  59 адам көз жұмған. Бұдан басқа тағы 15 тұрғын апаттың құрбаны болған.

 

 

Айта кету керек, маусымдық жаңбыр Үндістанда маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасады. Жыл сайын бұл елде су тасқынынан көптеген адамдар қаза болып, халық Оңтүстік Азияға  жаппай қоныс аударады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер