Сайлау-2021: Атырау облысы

4206
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында 18 ауылдық округ бойынша 52 кандидат тіркелген.Олардың ішінде 24 кандидат саяси партиялардан («NurOtan» - 15, «Ауыл» ХДПП - 5, «АDAL» саяси партиясы - 2, ҚХП – 2), қалған 28 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.

Барлық сайлау учаскелерінде тәуелсіз байқаушылар бар. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйым, партия өкілдері де жұмыс жасауда.

Атырау қ., Қайыршақты ауылдық округі мен Құрманғазы ауданының Сафон және Теңіз ауылдық округтері бойынша – 2 кандидаттан; Махамбет ауданы, Сарайшық ауылдық округінде – 4 кандидат; Қалған 14 округте – 3 кандидаттан тіркелген.

Барлық 36 сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктері Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген тиісті ережеге сәйкес жарақтандырылған.

Сайлау учаскелерінде COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу бойынша тиісті шаралар қаралған. Сайлау комиссияларының мүшелері маскалар, қолғаптар, санитайзерлермен қамтамасыз етілген.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №29 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі қаулысына сәйкес сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері вакцинация паспортын немесе тапсырған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесін көрсетеді. Аталмыш қаулыға сәйкес, сайлауға қатысқан тиісті тұлғалардың барлығы ПТР тест тапсырып, коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Сайлау комиссиясының төрағасы сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің орналасқан жерін әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, 1,5 – 2 метр қашықтықта айқындайды.

36 сайлау учаскесінің 33-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар ұйымдастырылған және оларға арнайы кабиналар жасақталған, лупалар, аудиороликтер, трафареттер дайындалған.

Сайлаушылар тізіміне 44 305 сайлаушы енгізілген. Сайлау 41 елді мекенде, 36 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де басталып, сағат 20.00-де аяқталады.

Сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде анықтайды.

Пікірлер