Ауыл әкімдерінің құзыреті жоғары болуы керек

2816
Adyrna.kz Telegram

Ауыл әкімдерін сайлау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Яғни жергілікті халық әкімді сайлап қана қоймай, сенім білдіреді. Ал сайланған әкім ауылдың барлық қажеттілігін, мәселесін шешеді деп ойлаймын.

Биыл Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде ауыл әкімдерінің сайлауы алғаш рет өтіп жатыр. Өте маңызды қадамның бірі. Бұл – еліміз үшін тарихи сәт.

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, әрбір мемлекеттік қызметкер елдің азаматы ретінді халықты тыңдай білуі керек. Ауыл әкімдерінің партия арқылы сайланып жатқанын біз түсінеміз. Соған сай сайланған әкімдердің құзыреттілігі де жоғары болуы маңызды. Бюджетпен дұрыс жұмыс істей білуі, халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы және ауылдың гүлденуіне үлкен жұмыс істеуі қажет.

Қазір сайланған әкімдер ауылды 4 жыл басқарады. Олар осы уақыт ішінде өздерінің сайлауалды бағдарламасын іске асырып, тікелей халыққа жауап беретін болады.

Айгүл ДЕМЕУОВА,

ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры,

философия ғылымдарының докторы, профессор.

mangystaumedia.kz сайтынан алынды.

 

Пікірлер