Амнистия берілуі керек!

2523
Adyrna.kz Telegram

"Вакцинация паспортын өтірік жасатып алғандарға амнистия беру керек. Өйткені, Шымкент қызыл аймаққа кіріп жағдай ушыққалы бері, кезінде өтірік вакцина пастортын жасатып алғандардың арасында сол істері үшін өкініп жүргендер өте көп. Өйткені, енді қайта вакцина алуларына мүмкіндіктері жоқ. Әрі, шынымды айтсам жұмысымнан қуылып кетемінбе деп қорқады. Сондықтан, сондай "адасқан" азаматтарымызға ешқандай жаза қолданбастан қайта вакцина алуларына мүмкіндік берулеріміз керек"

- деген ұсыныс жасап отыр Бахытжан Копбаев мырза.

Мен де бұл ұсынысты толықтай қолдаймын.
Өйткені, өтірік пасрорт жасап алғандарға көмектескен мед.қызметкерлер де солардың жақын таныстары болып келеді. Өзінің де, таныс-туысқанының да жұмысынан айыруларынан қорыққан "адасқан" азаматтар екі оттың ортасында қалып отыр.
Басты мақсатымыз халықтың өмірін сақтап қалу болғандықтан, бұл ұсынысты жоғарыдағы құзырлы орындар бірлесіп мәселені шешудің оңтайлы жолын қарастырсаңыздар екен.

Рүстем ӘШЕТАЕВ

Пікірлер