Instagram 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларының парақшасын жауып тастады

4416
Adyrna.kz Telegram

Осы аптадан бастап Instagram 16 жасқа дейінгі пайдаланушылардың жазбаларын бөгде адамдарға қолжетімсіз етіп, жауып тастады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания өкілдері бұл өзгерістер балаларды қажет емес жеке хабарламалардан немесе бейтаныс адамдардың пікірлерінен қорғау үшін жасалып отырғанын мәлімдеді.

Осы аптадан бастап 16 жасқа толмаған барлық адамдар (немесе кейбір елдерде 18 жасқа толмаған) Instagram-ға қосылған кезде жеке есептік жазбаларынан бас тартады.

"Жеке парақшаны жабық ету олардың мазмұнын кім көретінін немесе оны басқаруға мүмкіндік береді. Егер сіздің жеке есептік жазбаңыз болса, адамдар сіздің жазбаларыңызды, оқиғаларыңызды көру үшін сізге "достық" жіберіп, жазылуы  керек. Сіздің парақшаңызға жазылмаған адамдар сізге пікір жаза алмайды және инстаграмдағы шолу немесе хэштегтер сияқты жерлерді мүлдем көре алмайды. Бұл сізді бөгде адамдардан қорғайды", — делінген хабарламада.

Айта кету керек, соңғы кезде бұл желіде кәмелетке толмаған жастарды әр түрлі қауіп пен жағымсыз оқиғалардан қорғау үшін олардың парақшасын жабық ету ("закрытый профиль")  ұсынылған болатын.  

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер