Израиль: жүкті нәресте өмірге келді

3159
Adyrna.kz Telegram

Израильде өмірге келген сәбидің құрсақ қуысында тағы бір ұрық дамығаны белгілі болды. Мұндай патология медицина саласында өте сирек кездеседі.

Жаңа туған нәрестенің іші ұлғайғандықтан, ультрадыбыстық зерттеу жүргізілген. Ал тексеруден кейін нәресте шұғыл операцияға жіберілді. Нәтижесінде дәрігерлер ұрықты алды. Бұл туралы «Комсомольская правда» жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әйелді босандырған дәрігер мұндай оқиғаның шамамен жарты миллион жүкті әйелдің бірінде ғана кездесетін өте сирек жағдай екенін айтып өтті.

Патологияның ықтимал себептерінің бірі – егіздердің бірі екіншісінің денесіне еніп, әрі қарай дамиды.

Ота сәтті жасалып, екеуі де ауруханадан аман-есен шығарылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер