Елена Рыбакина Олимпиаданың қола медаліне таласатын болды

2751
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 12 орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен еді.

Бұл кездесу 2 сағат 44 минутқа созылды. Тартысты кездесуде Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер