Қазақстанның боксшылары Олимпиадада қанша медаль алуы мүмкін?

2762
Adyrna.kz Telegram

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанның бокс құрамасы Олимпиада қанша медаль алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ол Токиодағы Олимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан барлық төрт боксшы медаль ұтып алуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Үш немесе төрт медаль жеңіп алуымыз әбден мүмкін екенін айта аламын. Олимпиадада қалған барлық боксшы медаль ала алады, біз оларға көп үміт артамыз. Барлық жағдайды жасадық, енді бәрі спортшылардың өнер көрсетуіне байланысты», - Серік Сәпиев.

Еске салайық, Токио Олимпиадасында еліміздің бокс құрамасы барлық салмақ дәрежесінде сынға түседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер